17-ЛЕТНЮЮ ДЕВУШКУ МУЖ УБИЛ ЗА ТО, ЧТО ОНА НЕПРАВИЛЬНО ЧИТАЛА НАМАЗ
Осы жылдың 1 сәуірінде ғана тұрмысқа шыққан 17 жастағы Ақырыс Қозыбайды күйеуі ұрып өлтіргені туралы ақпарат тараған болатын. Оның 21 жастағы күйеуі келіншекті намазды дұрыс оқымағаны үшін ұрып өлтіргені белгілі болды деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
"Әзірге Ақырыстың күйеуі оны намазды дұрыс оқымағаны үшін ұрып өлтіргені белгілі болды. Басқа ешнәрсе белгісіз. Басқа сұрақтардың жауабын тергеу аяқталған соң білетін боламыз. Біз оның күйеуіне тиісті жаза берілгенін күтіп отырмыз", - дейді Ақырыстың жақындары.
17 жасар Ақырыс Қозыбайды кеше жер қойнына тапсырды.
Оның күйеуі уақытша қамау изоляторында отыр. Қазіргі таңда Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бап бойынша 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.