СОЛТҮСТІК КОРЕЯ ЖАҢА ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ЖАСАМАҚ
Джонс Хопкинс университеті жанындағы америка-корей халықаралық зерттеу институты өкілдері Солтүстік Кореяның жаңа ядролық сынаққа әзірлік жүргізіп жатқанын жария етті.
Спутниктік түсірілімдерге зерттеу жасаған мамандар Хамген-Пукто провинциясындағы Пунгери деревнясы маңындағы ядролық полигонда қызу дайындық жүріп жатқанын байқаған. Бұл биыл Солтүстік Корея жасаған алтыншы сынақ болмақ, деп хабарлайды ТАСС.
Сарапшылар сынақ 25 сәуір (Корей халық армиясының құрылған күні) мен 9 мамыр (Оңтүстің Кореяда кезектен тыс президент сайлауы) аралығында болуы мүмкін деп болжауда.
Солтүстік Корея алғашқы яролық сынақты 2006 жылы жасаған. 2009, 2013, 2015 жылдары да осындай сынақтар қайталанды. Былтыр 6 қаңтар мен 9 қыркүйекте осы мақсатта тағы екі жарылыс болды. Мамандар қаңтарда жарылған сутегі бомбасының зардабы 1945 жылы Хиросиманы жермен-жексен еткен ядролық бомба күшіне бара-бар екендігін айтады.